«Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» атты Республикалық акцияның аясында ағымдағы жылдың 22 қазанында филиал қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы іс-шара шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаттары мен міндеттері талқыланды:
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау;
– институт қызметкерлерінің басқарушылық және өзге де шешімдер қабылдаудағы міндеттері;
– Институт қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері.
Бұл тақырып филиал қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды, сұрақтарға толық жауаптар берілді.

