«Әр отбасының өз батыры бар» жинағының тұсаукесері өтті

2020 жылы 27 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының» аға оқытушысы А.А. Ислямова, Шығыс Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханасында «Әр отбасының өз батыры бар» жинағының тұсаукесеріне қатысты. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған кітап – білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған «Әр отбасының өз батыры бар» атты шығармашылық байқауының нәтижесінде жарыққа шықты.  Кітапты құрастырушы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Еркебұлан Зағыпаров.

Жинаққа институт қызметкерлерінің жұмыстары да кірді: Чекетаева Р.С., Ислямова А.А., Тлеубердинова В.М. және Батырқанова М.З.