Әл-Фараби мен Абайдың мәдени мұрасы

2020 жылдың 28 қазан айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда» тақырыбындағы облыстық вебинар өткізді. Мақсаты: оқу үдерісінде оқушыларды тәрбиелеу мақсатында ұлы ойшылдардың Әл-Фараби мен Абайдың мәдени мұрасын қарастыру.

 Вебинар барысында қатысушылар Әл-Фараби мен Абайдың мәдени мұрасы негізінде оқушыларды мәдени тәрбиелеуінің негізгі мәселелерін талқылады. Вебинардың модераторы Чекетаева Р.С. ұлы ойшылар Әл-Фараби мен Абай арасындағы тарихи үндестікті ашып көрсетуге тырысты.

         Қорытындысында қатысушыларға оқу үдерісінде Әл-Фараби мен Абайдың мәдени мұрасын қолдану және зерделеу бойынша ұсыныстар берілді.