ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Қашықтықтан оқыту және оқу: педагогтерге пайдалы кеңестер

2020 жылы 3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ«Қашықтықтан оқыту және оқу: педагогтерге пайдалы кеңестер» тақырыбында  ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған  on-linе  тәртібіндегі диалогтық алаң өткізді. Диалогтық алаңның мақсаты: қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін қарастыру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру. Диалогтық алаңның  жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, облыстың  ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Іс-шараға облыстың 73-ге таяу педагогтары қатысты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Курманова Жұпар Сақановна алғы сөзінде диалогтық алаңды өткізудің өзектілігін атап өтіп, қашықтықтан оқытудағы маңызды мәселелерді ортаға салып талқылаудың тиімділігін қозғады. Іс-шара барысында облыстың ағылшын тілі  мұғалімдері қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, оқу материалын қашықтан оқыту форматына ауыстыру тәсілі, ағылшын тілін оқуды қолжетімді, сапалы, нәтижелі, тиімді ету жолы, қашықтықтан  оқытудағы  қиындықтар мен кедергілер, қашықтан оқыту кезіндегі ағымдық бақылау, кері байланысты реттеу тәсілі  (іс-тәжірибемен бөлісу)  бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.Педагогтер іс—шара соңында өздеріне тиімді және пайдалы ақпарат алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Қорытындылай келе педагогтерге  ұсыныстар берілді. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын  ұдайы ұстану (Заңнамалық құжаттар); оқу материалын қашықтан оқыту форматына ауыстыру тәсілдерін меңгеру; оқуды қолжетімді, сапалы, нәтижелі, тиімді ету жолдарын жетілдіру,  көмекші көрнекі өнімдерді әзірлеу; қашықтықтан  оқытудағы  қиындықтар мен кедергілерді жою жұмыстарын дамыту.Барлық баяндамашыларға PDF форматтағы алғыс хаттар мен қатысушыларға сертификаттар жіберілді.Үздік тәжірибелер филиалдың web-сайтында ipkvko.kz. жарияланды. Іс-шара туралы ақпарат «Өрлеу «БАҰО» АҚ, филиалдың сайтында және филиалдың Instagram, Facebook парақшаларынан таныса аласыздар.

Один комментарий для “Қашықтықтан оқыту және оқу: педагогтерге пайдалы кеңестер”

Обсуждение закрыто.