Windows 10 және 365 Office құжаттарды, оқу бейнелерін жасаудың пайдалы әдістері

10 қараша 2020 ж.15:00 – 17:00 (Нұр-сұлтан Қ. уақыты) «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО ПҚ БАИ филиалының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Апселемова Гульнара Дюсембековна Microsoft Innovative Educator Expert инновациялық педагог-сарапшысы Microsoft «Windows 10 және Office 365 жүйесінде әсерлі презентациялар, құжаттар және оқу бейнелерін жасауға арналған пайдалы тәсілдер» атты онлайн семинарға қатысты. http://aka.ms/training2020. Microsoft онлайн-семинарында презентацияларды, құжаттарды және оқу бейнелерін дайындауға көмектесетін құралдар жайлы білді. Windows 10 мүмкіндіктерін және Microsoft Office-тің қазіргі нұсқаларын қарастырды, атап айтқанда:

  • Windows 10-да алмасу буферімен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктері;
  • жаңа скриншот жасау құралдары;
  • Office бағдарламасында фотосуреттермен жұмыс істеу тәсілдері;
  • Office бағдарламасында бейнемен жұмыс істеу тәсілдері;
  • Office және Windows 10-да 3d модельдерімен жұмыс істеу тәсілдері;

PowerPoint көрсетілімін дайын бейне оқулыққа қалай айналдыруға болады.