Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-әдістемелік сағат

2020 жылдың 12 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Т.Н. Алимхановпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік сағат өткізу жоспарына сәйкес кездесу өтті. Кездесуде біздің облыстағы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы ақпарат берілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша қандай құжаттар бар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың нормалары туралы, бұзушылық кезінде жазаның қандай түрлері қолданылатыны туралы түсініктемелер берілді. Кездесу нәтижелі және қызықты өтті.