Өрлеу тренерімен онлайн кездесу

2020 жылдың 13 қарашасында Өрлеу тренерімен «Педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбында апта сайынғы онлайн кездесу өтті. Спикерлер ретінде «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Апселемова Гульнара Дюсембековна және Семей қаласының «№ 37 гимназиясының» математика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог 2020» байқауының жеңімпазы Сағатбекова Жанар Каликановна сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикерлер халықаралық, республикалық байқауларға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға қалай әсер ететіні жайлы, жұмыста тиімді падалану туралы айтты. Педагогтардың сұрақтарына онлайн форматта жауап берді.