ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Мерейтойларыңызбен, №10 мектеп-гимназия!

Өскемен қаласының «№10 мектеп-гимназиясы» КММ on-line режимінде өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Гимназия тарихы, Өскемен қаласы мен облыстың білім беруінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан үздік педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің өмірі мен қызметінің тарихы болып табылатыны сөзсіз. Осы жылдар ішінде өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде: үш шет тілін – ағылшын, неміс, француз тілдерін оқып-үйренуде елеулі табыстарға қол жеткізілді. Мұғалімдер мен оқушылар халықаралық, республикалық конкурстардың, олимпиадалардың, жобалардың  жеңімпаздары болып табылады, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасады.

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты гимназия ұжымын осы тамаша мерекемен құттықтайды! Қазақстанның болашағы қолында мәдениет пен білімнің жоғары деңгейі бар жиырма бірінші ғасыр азаматтары-жаңа буынды тәрбиелеу ісінде шығармашылық табыс тілейміз. Сіздермен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.