Дененің саулығы – жаныңның саулығы

Осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтындығын түсіндіріп, санаңа ой қосады. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез- құлқын, ой-өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Қазіргі кездегі коронавирустың жаппай таралуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.10.2020ж. №166/2020 бұйрығына сәйкес «Өрлеу»БАҰО» ФАҚ ШҚО ПҚ БАИ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қызметкерлер арасында күнделікті денешынықтыру жаттығуларын ұйымдастырды қолға алды. Бөлмедегі дезинфекциялық шараларды қолдана отырып,10 минуттық дене жаттығулары күнделікті жасалуда. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Әрқашанда дендеріңіз сау

болсын!