ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Жаһандық азаматтық білім беру әрекеті үстінде!

26 қарашада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық on-line семинар өткізілді.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалдарының қызметкерлері, оқытушылары, аудан (қала) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдері және осы мәселеге қызығушылық танытқан адамдар қатысты, барлығы 50 астам қатысушы болды.

Семинар мақсаты: жаһандық азаматтық білім беруді (GCED) енгізу бойынша елдер арасындағы тәжірибе алмасуға ықпал ету, 2015 жылы БҰҰ саммитінде әлемдік қоғамдастық бірауыздан мақұлдаған  тұрақты дамудың күн тәртібіне сәйкес 2030 жылға дейінгі 17 мақсатпен (SDG)тұрақты дамуға арналған білім (ESD).Атап айтқанда, 2030 жылға дейін баршаға арналған инклюзивті және сапалы білімге қол жеткізудің жаңа жаһандық көрінісін SDG4 көрсетеді.

Білім берудегі SDG4 мақсаттарынан кейін (мысалы, 4.7 мақсат) оқушыларға тұрақты өмір салты, адам құқығы, гендерлік теңдік, бейбітшілік пен зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетін насихаттау, бейбітшілік азаматтығы және мәдени әртүрліліктің құндылығын түсіну саласында тұрақты дамуды ілгерілету үшін қажетті білім мен дағдыларды игеру қажет;мәдениеттің тұрақты дамуына қосқан үлесі; өнімді ойлауды дамытып, қоғамдастықтың жергілікті мәселелерін шешуге белсенді қатысу.

«GCED (Global Citizenship Education) in action!» тақырыбы қазіргі таңда бүкіл әлемде өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Жаһандық азаматтық білім берудің (GCED) басты мақсаты барлығына деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамзатқа деген сезім қалыптастыру және оқушыларға әлемнің жауапты және белсенді азаматтары болуға көмектесу болды.

Алғы сөзбен филиал директорының орынбасары, п.ғ.к., Жуманова Г.С. сөйледі, ол біліктілікті арттыру үдерісіне жаһандық білім беруді енгізудің маңыздылығын атап, семинар қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі, тәжірибе алмасу үшін осындай кездесулердің оң жақтарын атады.

Бұл іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша үлкен және тыңғылықты жұмысты семинар модераторы, кафедраның аға оқытушысы Анар Мерсаликовна Карибаева жүргізді.

Семинар спикерлері – Мейргуль Алпысбаева, ЮНЕСКО-ның Алматы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша кластерлік бюросының ұлттық білім беру бағдарламасының маманы.

Алматы, Қазақстан,Nia Mariana Syahrani, English teacher at Amalina School. Indonesia; Hrvoje Moric, GPPW teacher at NIS Semey, Guadalajara, Mexico; Орусбаева Дамира Нурджановна, преподаватель в Республиканском институте повышения квалификации педагогических кадров. Бишкек, Киргизстан; Ережепова Үміт Серікбекқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, магистр «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар  балаларға арналған оңалту орталығы» КММ. Өскемен, Қазақстан.

Семинар тұрақты дамуға білім беру, жас ұрпақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге тарту, басқа елдердің мысалында көрсетілген, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру сұрақтары қарастырды. Іс-шара қазіргі және болашақтағы жаһандық проблемалардың сындарлы және креативті шешімдерін табуға, қоғамның тұрақтылығы мен өміршеңдігін арттыруға көмектесетін жалпы мәселелерді шешуге ықпал етті.

Семинар сапалы білім беру азаматтарға сау және толыққанды өмір сүруге, саналы шешімдер қабылдауға және жергілікті және ғаламдық мәселелерге жауап беруге мүмкіндік беретін дағдыларды, құндылықтар мен мінез-құлықты дамытуы керек деген қорытындыға келді. Бұл БҰҰ-ның күн тәртібіндегі жаһандық мәселені «Білім 2030» жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Семинардың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.