Дуалды оқыту жүйесі – сапалы білім беру кепілі

2020 жылдың 26 қараша күні «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Апселемова Гульнара Дюсембековна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті өткізген «Дуалды оқыту жүйесінде туындаған мәселелер» онлайн режимінде республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты. «Дуалды оқыту жүйесі жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» атты тақырыбы бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Республикалық семинарда кадрлар даярлау саласында дуалды оқытудың мәселелері кеңінен талқыланды.