Критериалды бағалауды енгізудің өзекті мәселелері

2020 жылдың 3 желтоқсанында «Критериалды бағалауды енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Вебинар жұмысына 250-ден астам адам қатысты: филиал қызметкерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, облыстың орта мектептерінің басшылары, педагогтері, соның ішінде ШЖМ және ауылдық жерлердің педагогтері. Вебинардың мақсаты: жалпы білім берудің заманауи жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнының негізінде жатқан критериалды бағалауды тиімді пайдалану бойынша аймақ мұғалімдерінің тәжірибесін зерттеу және тарату, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде кері байланысты ұйымдастыруда  мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету

Іс-шара барысында қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында критериалды бағалауды енгізудің өзекті мәселелерін, БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін талқылады, бірқатар пәндерді оқытуда оқушылардың арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға критериалды бағалаудың әсерін талқылады, оқушыларды критериалды бағалау процесінде Түзетуші кері байланыстың және Padlet веб-тақтасын пайдаланудың тиімділігін, сондай-ақ ШЖМ және ауылдық жерлерде қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін атап өтті. Вебинар соңында одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар қабылданды. Педагогтарға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді. Вебинар бойынша ақпараттар Instagram, Facebook, web-сайтында орналастырылған.