Үздік ұстаз!

Муртазалиева Анаргуль Амангазиновна

Өскемен   қаласы,  «Қ.Нұрғалиев  атындағы  №43  

мектеп- лицейі» КММ, жоғары санатты физика пәні мұғалімі.

Жарияланған әзірлемелері:

  1. Қалалық «Физика пәнін оқытуға жаңаша көзқарас: тиімді оқыту мен оқу тәсілдері» (Әдістемелік нұсқаулық)  авторлық бағдарлама     
  2. Облыстық «Физика және денсаулық» (Оқу бағдарламасы),
  3. Облыстық  «Жиынтық бағалау тапсырмалары жинағы» (7-8 сыныптарға арналған  көмекші құрал)  авторлық бағдарламалары
  4. «Республикалық Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: тәжірибе және даму болашағы» (ҒПК)
  5. Халықаралық «Мұғалімдерге арналған әдістемелік әзірлемелер жинағы»         

Алған марапаттары:

1. Қалалық «Жыл мұғалімі – 2013» сайысында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдер арасында І орын.

  • Жалпы қалалық мұғалімдер арасында Гран-При иегері.
  • Қалалық «Үздік портфолио» сайысында 2-орын.
  • Ұлттық ақпараттандыру орталығының Құрмет грамотасы.
  • Қалалық білім беру бөлімінің грамоталары мен алғыс хаттары.
  • Қалалық «Оқыту тәжірибесіне деңгейлік бағдарламаның жеті модуль идеясын интеграциалау» 
  • Қалалық «Алтын белгіге» бітіретін түлектерді ҰБТ ға дайындауға қосқан үлесі» үшін
  • Облыстық «Ең үздік физика пәні мұғалімі- 2008» ІІІ орын.
  • Облыстық «Жыл мұғалімі-2013» сайысында «Білім беру үздігі».
  • ШҚМТУ грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
  • Облыстық «9 сынып оқушыларына арналған емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеуге және сараптауға» қатысқаны үшін   

 Іс-тәжірибесімен бөлісу:

  1. Облыстық семинар «Жобалау-зерттеу жұмыстарын іске асыру арқылы математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби өсуі»     
  2. Облыстық семинар «Математика және физиканы оқыту барасындағы заманауи технологиялар»
  3. Облыстық педагогикалық шеберхана «Оқу-тәрбие процесіндегі инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру» 
  4. Республикалық онлайн семинар  «ҚР-да білім мазмұнын жүйелі жаңарту аясындағы педагогтердің кәсіби өсуі»  

Қоғамдық жұмыстар:

  1. Облыстық «Мұғалімдердің біліктілін арттыру және физикадан мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың диагностикалық нәтижесінің негізінде туындаған қиындықтарды шешу жолдары» бағдарламасын талқылау эксперт топтың мүшесі        
  2. Республикалық «Пәндік оқулық және әдістемелік оқулықтарды апробациядан өткізу эксперттік комиссия мүшесі

        Аннотация Физика пәнін оқытуда оқушылардың пәнге деген қызыңушылығын арттырып, сапаны көтеруге және нәтижелі жетістіктерге жетуге қозғаушы болатын STEM заманауи инновациялық білім үрдісін тиімді бағыттаушы  деп пайымдадым. STEM негізгі идеясы- жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы болып табылады.  Бұның тиімділігі әр оқушы өз өнімін жасап, сыни ойлау дағдыларын дамытады және проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырады.  Мысалы, 7 сыныпта «Механикалық қозғалыс» тақырыбы сабағына  оқушылар өздері жасап,   сусорғысы (насос) мен  пресс машинасының моделін әкелді.  Технологиялық білімдерін пайдалана отырып жаңа білімді түсінуге оқушылардың өздері жасаған  ең алғашқы туындыларына қуанғандарын көріп, есіме американдық  сыншы және мұғалім Марк Ван Дореннің  «Оқыту өнері – бұл жаңалықтар ашуға ынталандыру өнері..» -деп айтқаны есіме түсті.