Әріптесіміз виртуалды аптаға қатысты

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы  А.М.Карибаева әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған виртуалды аптаға қатысты. Виртуалды апта Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және республика қалаларының Американдық мәдени орталықтарының, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі «The SHEro Kazakhstan» клубының қолдауымен 16 күндік гендерлік кемсітушілікке қарсы компания аясында өтті.

Воркшоптар мен мейкатондардың сериялары өткізілді, онда “Не молчи KZ” президенті және “Не молчи дети KZ” қоғамдық қорының негізін қалаушы және басшысы Дина Таңсари сияқты әйелдердің, балалардың және зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау бойынша нағыз күрескерлер сөз сөйледі. Дина Тансари тергеу барысында отбасындағы, мектептегі, жұмыстағы және құқық қорғау органдарындағы зорлық-зомбылық құрбандарының кездесетін проблемалары туралы айтты. Қазақстанда мамандар көмекке және қолдауға мұқтаж адамдардың осындай санатымен жұмыс істеуге оқытпайды. Өкінішке орай, бұл мамандардың білікті көмегінің болмауы және жақындарының қолдамауы жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсауға да әкелуде.

Одан әрі спикер Дариға Ақбаева деректермен жұмыс істеу кезінде фактчекингтің негіздерін ашты, ал “the SHEro Kazakhstan” командасы әлеуметтік желілерде әлеуметтік жобаларды ілгерілету кезеңдері туралы айтып берді. Бастауыш кезеңде 133 болған виртуалды аптаның қатысушылары оқыту семинарларынан кейін әлеуметтік жобалар тақырыптарын таңдауға және оны 12 айға жоспар түрінде одан әрі ілгерілетуге кірісті. Соңғы күні қатысушылар саны 25 адамға азайды, олар 14 жобаны ұсынды. Жобалар арасында келесі тақырыптар қозғалды: «Мизогиниямен бірге!», «Yurt of action», «Ақша және сіз», «EcoDorba», «Qyz up!» және көптеген басқа. Барлық жобалар қоғамдағы  қыздар мен әйелдердің әлеуетін дамытуға бағытталған. Жоба ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, үздік жобаларды атап өтіп, қатысу сертификаттарын табыс етті.