ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ»

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2020 жылдың 20 қазан және 30 қараша аралығында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы бағыттағы «БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» атты ең үздік бейнеролик онлайн байқауын өткізді.

Байқаудың міндеті:

– білім беру ұйымдары қызметкерлерінің назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық проблемасына аудару;

– әлеуметтік белсенділікті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемаларын зерделеуге бағытталған қоғамдық қызметті ынталандыру.

Сайысқа барлығы 32 жұмыс келіп түсті. Педагогтар, студенттер, оқушылар  Караганды облысынан; Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер қалаларынан; Абай, Аягөз, Глубокое, Алтай, Бородулиха, Тарбағатай, Катон-Қарағай аудандарынан қатысты.       

Ұсынылған бейнероликтер мазмұныды, қызықты, әр-қайсысы режиссерлік сценариймен жасалған және жемқорлық мәселесі жастардың көздерімен көрсетілген.

 2020 жылдың 8 желтоқсан айында сайыстың қорытындысы шығарылды.

Сайыстың комиссия құрамына келесі адамдар кірді:

Жұманова Г. С. – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ оқу-әдістемелік жөніндегі директордың орынбасары, этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссар; Крупко Е.А. – «Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары; Байсаринова Н.Н. – «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; Ибраимова А.С. – Өскемен қаласы НЗМ тарих пәні мұғалімі; Абылғазинова Г.Т. – ШҚ облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханасының библиограф-өлкетанушысы.

1 орын – Ұжымдық жұмыс.  Рахат Нұрүстем Тілеуғазыұлы – орыс тілі мен әдебиет мұғалімі; Манатұлы Исламнұр-оқушы; Акшекина Аяла-оқушы; Ерсінқызы Айымгүл-оқушы; Жақсыбаева Аяла-оқушы.  Абай ауданы, Кенгирбай би ауылы, «Шәкәрім атындағы орта мектеп».  (235 б.)

2 орын – Ұжымдық жұмыс. Ешенова Аяулым Бахтиярқызы, Кенжеғұл Алдияр, Қабдеш Төлеген, Қайратұлы Сұлтанбейбарыс, Нартбаев Ерасыл.

Аягөз ауданы,  Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» (232 б.)

3 орын – Кузнецов Егор Денисович. Алтай ауданы,  Алтай қаласы, «№ 7 орта мектеп» (230 баллов).

Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдарға ие болады. Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушылар қатысушы Сертификатын алады. Дипломдар, Сертификаттар женімпаздар мен қатысушылардың электронды адреске жіберіледі.

Қатысушыларға үлкен рахмет! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздердің назарларыңызға ең үздік 3 бейнеролик ұсынамыз.

1 орын

2 орын

3 орын