ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен онлайн кездесу өтті

2020 жылдың 22 желтоқсан күні, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ білім беру кітапханашыларға арналған курс аясында 2020-2025 жылдарға арналған Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөніндегі Жол картасының негізгі әзірлеушілері Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен онлайн кездесу ұйымдастырып өткізді.

Кездесуді ашқан Конакбаева А.З. институттың кітапхана ісі жөніндегі бас маман, курс үйлестірушісі республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылатының атап өтті және кітапхана директоры Айман Алиевна Насыроваға сөз берілді.

Насырова А.А. Жол картасымен таныстырып, негізгі бағыттырға қатысты түсініктемелер берді. Кездесуге қатысушылар сұрақтар қойып, толық жауаптарын алды.

Тікелей эфирде жолдаған сауалдар негізінен әдебиеттермен қамтамасыз ету, статус көтеру, материалдық – техникалық базасын жақсарту, құжаттарды рәсімдеу мәселелерге қатысты болды.

Кездесуге қатысушылар онлайн кездесудің өте пайдалы ақпарат алмасу алаңы болғанын атап өтті және кітапхана директоры А.А. Насыроваға және ғылыми-әдістеме бөлімшесінің басшысына А.Б.Емишоваға алғыс білдірді.

Кездесуге облыс көлеміндегі 54 кітапхана қызметкері, мектеп кітапханалары бірлестігінің жетекшілері қатысты.

Соңында әріптестер келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, сәттілік, жаңа табыстар тілесті.