Құттықтаймыз!

2020 жылдың 30 қыркүйегі күні «Бөбек» ҰҒПББСО, «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» республикалық байқаудың жеңімпаздарын ZOOM платформасында салтанатты түрде марапаттады.

«Бөбек» ҰҒПББСО, ҚР БжҒМ қолдауымен, 2020 жылдың 2 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында, мектепке дейінгі, орта, техникалык және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» республикалык байқауы өткізілген еді. Байқауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен 409 педагог қатысты. Байқау 3 турдан құрылды. 409 бейнесабақтың 56-ы іріктеуден өтті. 3-турдың 11 қатысушысы «Өзін-өзі тану» Бағдарламасының дамуына қосқан үлесім» тақырыбы бойынша, тұсаукесерін қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша, Бас жүлдеге ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылының Маяковский атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тағиева Индира Твакқұлқызы ие болды.

Екінші орынға ШҚО Аякөз қ. № 9 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Өзбекова Қарлығаш Сапарқызы ие болды.

Үшінші жүлделі орынды ШҚО Күршім ауданы Марқакөл ауылының № 1 мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Машаева Асылжан Базиолданқызы бір қатар әріптестерімен бөліп алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Келе жатқан Жаңа жыл әр отбасыға бақ-дәулет пен құт-береке әкелсін! Жаңа жыл құтты болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

6 + 1 =