Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы

2021 жылдың 6 қаңтарында аға оқытушы Г.И.Жақсылықова Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесіп облыстың жалпы білім беретін мектептерінің Биология, Химия және география пәні мұғалімдеріне арналған «Биология», «Химия», «География» пәндері қауымдастығының жұмысы аясында «Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы» атты облыстық әдістемелік керуен өткізді.

Мақсаты ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың   теориялық негіздерін  ашу.

Биология және жаратылыстану сабақтарында оқушылардың зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.

Модификациялық кабинеттерді, виртуалды зертхананы, онлайн симуляторларды, видеоэксперименттерді қолдану мүмкіндігі бойынша облыстың биология, химия және география пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу.

Әдістемелік керуен барысында облыстық қауымдастық мүшелері және білікті мұғалімдер: Мусабаева Динара Дюсупкызы, педагог-зерттеуші, Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернаты» КММ биология пәні мұғалімі; Чакеева Еркеш Серикбаевна, Семей қаласы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп», І санатты биология пәні мұғалімі; Нугманова Айдана Бахтыбекқызы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ, ІІ санатты биология пәні мұғалімі; Архыматаева Арай Жаксылыковна, Семей каласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназия” КММ, жоғары санатты биология пәні мұғалімі; Елеусизова Шолпан Турсумбековна, педагог-зерттеуші, Семей қаласы, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ биология пәні мұғалімі; Даулетбаева Айгерим Жастлековна Бесқарағай ауданы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп», І санатты биология пәні мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

13 + two =