ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары

2021 жылдың 13 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ бірлексен жоспарын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалымен бірлесе қазақ тілде оқытатын мектептерінің гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша жоба жұмыстарына жетекшілік ететін пән мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында тәжірибелік онлайн-семинарын өткізілді. Семинарға  Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай, Жарма аудандары мен Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, биология және география пәндерінің 60-тан астам мұғалімі қатысты.

Семинардың мақсаты –  оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жоба жұмыстарын сауатты әрі ғылыми тұрғыдан тиімді ұйымдастыруда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Семинарды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинет меңгерушісі Г.З.Абетаева алғы сөзбен ашып, шараның мазмұнымен таныстырды.

Семинардың спикерлері:  Жақсылықова Г.И. – филиалдың аға оқытушысы және Сейлхан А.К. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Тәжірибелік онлайн-семинар аясында қатысушылармен оқушылардың ғылыми жоба жұмысын ұйымдастырудың практикалық мазмұны толықтай қарастырылды. Жоба жұмысын құрастыруда жетекші мен оқушы ескеретін мәселелер және туындайтын қиындықтар аталып, мысалдар келтірілді, жоба жұмыстары талданды. Сондай-ақ жоба өнімінің түрлері және тайм-менеджментті сақтау ерекшеліктері бойынша практикалық кеңестер берілді.

 Семинар соңында «3 Қ» стратегиясы арқылы  кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар құнды, қызықты, және қиын мәселелерін атап, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік білімін жетілдірудегі тәжірибелері бойынша пікір алмасты. Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс «Инстаграм» әлеуметтік желідегі  «joba_pedagog» парақшасында жалғасын табады.