Айдың үздік қызметкері (2021 ж. қаңтар)

2021 жылғы қаңтардағы үздік қызметкерді анықтау жөніндегі комиссияның келесі отырысында «Айдың үздік қызметкері» атағын беруге ұсыныстар қаралды.Отырыс қорытындысы бойынша үздік қызметкер анықталып, кафедраның аға оқытушысы Жаксылыкова Гульмира Идришевна аталды.Гүлмира Идришқызы кафедрадағы негізгі жұмысынан басқа, ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесіп «Биология», «Химия» және «География» пәндерінің мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік керуен, сондай-ақ «Оқушылармен ғылыми жобалардың жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Жұмыстар жинағында интерактивті сабақтарға, семинарларға қатысу, республикалық басылымдарға мақала жариялау, Облыстың биология мұғалімдеріне кеңес беру бар.Әріптесімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

four + thirteen =