ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Ақпараттық- әдістемелік сағат

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ZOOM платформасында институттың профессор-оқытушылар құрамы мен зертхана қызметкерлеріне «Аттестаттау, педагогтың кәсіби дамуының маңызды факторы ретінде» тақырыбында кезекті «Ақпараттық-әдістемелік сағат» өтті.

Іс-шара «Еркін микрофон» түрінде өтті, ШҚО білім басқармасын аттестаттауға қатысатын 9 сарапшы институт қызметкерлері сөз сөйледі.   

Аттестаттаудан өткенге дейін мұғалімдермен алдын-ала жұмыс жасауға қатысты көптеген өзекті мәселелер қаралды.

Педагогтерді практикалық қызметіне сараптама жүргізу тәртібі және ұйымдастыру тәртібімен таныстыру бойынша көмек, педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру, өтініштерді, өзін-өзі бағалау парақтарын толтыру, жұмысты талдау, сондай-ақ курстар, вебинарлар шеңберінде педагогтарға кеңес беруді ұйымдастыру: «Аттестаттау: құжаттарды қалай дұрыс ресімдеу керек», «Портфолио педагогтің кәсіби қызметін диагностикалау нысандарының бірі ретінде».

«Қазақстан Республикасындағы педагогтарды ведомстволық көтермелеудің түрлері» тақырыбы бойынша және ҚР БҒМ жалған наградаларымен марапаттау фактілері туралы ақпарат берілді.

 Іс-шара қорытындысы бойынша «Аттестаттауға дайындық кезінде педагогтарға арналған жадынама» құру туралы шешім қабылданды, онда аса маңызды және өзекті мәселелер қамтылатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

15 − 12 =