Ынтымақтастықты ынталандыру

Серіктестік қатынастарды жетілдіру және тірек білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2021 жылы 11 ақпанда “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ қызметкерлері, ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Жігер “балалар-жасөспірімдер клубтарының Өскемен бірлестігі” МКҚК директоры Е. Н. Дешпен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ директорының орынбасары п. ғ.к., Жуманова Г. С., оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің басшысы Абышева Г.М., филиал зертханасының меңгерушісі Егорина Л. В., ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Жігер “балалар-жасөспірімдер клубтарының Өскемен бірлестігі” МКҚК директоры Е. Н.Дешпен біліктілікті арттыру курстары, курстан кейінгі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы сондай-ақ “Жігер”балалар-жасөспірімдер клубтарының педагогтары әзірлеген құжаттарға пікір жазу мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар ынталы ынтымақтастықтың нәтижесі педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпал әсер ететіні туралы қорытындыға келді.