Ғылыми-әдістемелік семинар

2021 жылдың 17 ақпан айында филиал аймақтағы жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу мақсатындаС.Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып «Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар мақсаты: Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік тәжірибенің нәтижелерін талдау және өзектендіру,  Абай мұрасын оқытуда кедергісіз әмбебап  орта құрудың мәселелерін шешудің стратегияларын әзірлеу. Шара Zoom платформа арқылы өтті. Семинарға 73-тен астам қосылыс болды.

Семинар барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Жетісу және Торайғыров университеттерінің өкілдері, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша БАИ қызметкерлері, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының педагогтері тақырып бойынша белсенді қатысып өз пікірлерін білдірді.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

2 × 5 =