Педагогикалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық

2021 жылдың 25 ақпаны күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы өткізген «Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі»  тақырыбындағы дөңгелек үстелге «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ оқытушылары Г.Жаксылыкова., А.Ислямова белсенділікпен қатысты. Дөңгелек үстелде  «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының  аға оқытушысы, т.ғ.к.  Роза Сарқытбекқызы  1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы ой бөлісті.