ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Бастауыш сынып мұғалімдері мен логопедтердің өзара әрекеттесуі

Білім алушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдері мен логопедтердің өзара іс-қимылының нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасы 2021 жылғы 25 ақпанда on-line режимінде «Білім алушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдері мен логопедтердің өзара іс-қимылының нысандары мен әдістері» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Вебинарға филиалдың профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сыныптарға жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, облыс мектептерінің (ШЖМ, ауылдық мектептер) логопедтері белсенді қатысты.

Вебинар барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, бастауыш сынып мұғалімдері мен логопедтердің білім алушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша өзара іс-қимылының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану бойынша бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ балалардағы ауызша және жазбаша сөйлеуді бұзу проблемасының өзектілігінен шағын жинақталған мектеп жағдайында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу бұзылыстарын жоюдың кешенді тәсіліне дейінгі кең ауқымды мәселелерді қарастырды, бұл біздің облыстың шалғай өңірлері үшін өте маңызды.

Вебинар соңында инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасы меңгерушісі Л.В.Егорина бастауыш сынып мұғалімінің балаға, оның рухани және интеллектуалды дамуына үлкен әсер ететіндігін атап өтті. Міне, сондықтан кіші жастағы оқушылардың сөйлеу бұзылыстарын түзету кезінде мұғалім мен логопедтің өзара әрекеттесу процесін құру және құрылымдау қажет. Вебинар қорытындысы бойынша білім алушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдері мен логопедтердің өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

eight + eight =