ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы цифрлық технологиялар» онлайн вебинар

Жоғары оқу орындарымен байланыс пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ және Нұр-сұлтан қаласы «Қазақ ұлттық өнер университеті» (ҚазҰӨУ) 2021 жылғы  26 ақпанда «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы цифрлық технологиялар» тақырыбында бірлескен онлайн-вебинар өткізді.

Вебинар жұмысына университет, колледж оқытушылары және республика көлеміндегі мұғалімдер қатысты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Жуманова Г.С., «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тренер Апселемова Г.Д. «Қашықтан оқу жағдайында заманауи оқушының цифрлық тәжірибелері» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Біздің қызметкерлеріміздің қатысуы мен сөз сөйлеуі іс-шараға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, цифрлық құралдарды жетік меңгерген, қашықтықтан оқыту жағдайында жұмыстың жоғары деңгейін көрсетті.

Институт үшін бұл тағы бір өзара тиімді ынтымақтастық. ҚазҰӨУ ректоры, профессор Айман Кожебековна Мусахаджаеваға онлайн-вебинарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

18 + four =