11 наурызда “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ институт қызметкерлері үшін on-line форматында ақпараттық-әдістемелік сағат өткізді.
Іс – шара барысында “Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің құқықтық мәселелер, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Соколов Иван Николаевич, Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім бойынша айтып берді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі өзгерістерге тоқталды.
Кездесу өте мазмұнды және пайдалы болды. Ынтымақтастық үшін Кәсіподаққа рахмет.