2021 жылдың 15 наурызкүні филиалдың аға оқытушысы Апселемова Гульнара Дюсембековна ШҚО білім басқармасы, «Global САПА» білім беру орталығы, «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестік, «Рост тренинг» және «Оптима стади» халықаралық орталығымен бірлесіп Қазақстан, Ресей, Канада, Оңтүстік Корея педагогтердің қатысуымен «Мектептегі ғылым: педагогтардың шеберханасы» – «Синергия немесе креативті ынтымақтастық принциптері» халықаралық әдістемелік көпіріне қатысып, «Оқытудағы жүйелі тәсіл: тұжырымдама, әдістеме, тәжірибе» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Шараның мақсаты: «Оқушы – ата-ана – мұғалім алтын үшбұрышындағы таланттарды басқару» бағдарламасы бойынша халықаралық кластер негізінде «Мектептегі ғылым: жүйелік тәсіл», «Ғылымдағы балалар», «Мектеп әлеуметтік лифт ретінде» ғылыми-әдістемелік зертханаларын ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық орнату.
Ең креативті жобалар туралы Facebook парақшасында тікелей эфирде айтылды.
