ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Редакциялық кеңестің отырысы

2021 жылдың 23 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-да Редакциялық кеңестің отырысы өткізілді. Филиал директорының м.а., Бас редактор Г.Жуманова отырыс басында Кеңес мүшелерімен таныстырып өтті: Завалко Н.А., С.Аманжолов атындағы ШҚУ, профессоры, педагогикалық ғылымдар докторы; Жумадилова С.А., «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ басшысы; Ровнякова И.В., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры; Сейлхан А.К., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының доценті, ф.ғ.к.; Таимова А.М., Өскемен қ. «№35 орта мектеп» КММ директоры; Ахаева Н.В., ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры, педагогикалық ғылымдар докторы; Фесенко Н.А., Семей қаласының білім бөлімінің басшысы; Құрманова Ж.С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.; Чекетаева Р.С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.; Сайлаубеков А.Ж., Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Абай ауданы бойынша білім бөлімінің “Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей” КММ-нің химия пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші.

Отырыс барысында Редакциялық алқаның 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, «ШҚО педагогика жаршысы» республикалық журналының 2021 жылға арналған басымды тақырыптары мен өзекті айдарлары талқыланды.

Отырыстың соңында Редакциялық кеңес мүшелері «ШҚО педагогика жаршысы» республикалық журналының мәртебесін арттыру, насихаттау жөнінде жұмыстарды күшейту, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату бағытында білім беру мекемелерімен, педагогикалық қауымдастықпен, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерімен әріптестікті кеңейту бойынша ұсыныстар енгізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

four × one =