Оқушыларда діни және этникалық толеранттылықты қалыптастыру жайлы тікелей эфир

Оқушылардың этникалық және религиялық толеранттылығын қалыптастыру мақсатында 2021 жылдың 14 мамырында Әдіснама және педагогикалық инновациялар кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық зерттеу орталығының мүшесі Исламова Ажар Аманқызы «Оқушылардың діни және этникалық толеранттылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбы бойынша тікелей эфирде кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Ажар Аманқызы қатысушылардың назарын оқушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік, шығармашылық тұрғыдан дамыған тұлғасын қалыптастыру үшін жағдай жасауға аударды, білім беру процесінің барлық субъектілерінің рухани, эмоционалды, зияткерлік, тұлғалық және физикалық денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша нақты ұсыныстар берді, сондай-ақ талқыланатын мәселе бойынша әдебиеттер тізімін берді.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Суықбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің зерттеуші-педагог санатты тарих пәні мұғалімі Сыдыкова Анар Ахановна да өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар тікелей эфир ұйымдастырушыларына, спикерлерге алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Один комментарий для “Оқушыларда діни және этникалық толеранттылықты қалыптастыру жайлы тікелей эфир”

  1. 1.Салеметсіздер ме. Ажар Амановна сізге көп-көп рахмет! Ажар Амановна өте білімді-білікті, креативті, жаңашыл ұстаз! Осындай іс-шаралар көп бола берсін! Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселені талқылап жатқаныңызға көп-көп рахмет!. Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Биіктерден көріне беріңіз!
    2.Сабақты түсіндіруде оқытушы тілі, дауысы жағымды. Қарапайыи тілмен, ең керектіні бөліп беруге жұмыс жасаған. салыстырып, сәйкестендіру арқылы берді.
    3. Әрине тақырып өте күрделі және өзекті. Ажар Амановна тамаша спикерсіз, өте түсінікті, айтып өттіңіз??

Обсуждение закрыто.