Медиа сауаттылық бойынша мастер-класс!

2021 жылдың 14 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Әдіснама және педагогикалық инновациялар кафедрасының аға оқытушысы Карибаева Анар Мерсаликовнамен бірігіп Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, Bilim Bárine қоры жанындағы медиа сауаттылық курстарының және АҚШ елшілігінің Орталық Азиядағы ағылшын тілді бағдарламалар жөніндегі аймақтық кеңсесінің фасилитаторы Мойесеева Еленаның «Development of Media Literacy skills in teaching English» тақырыбы бойынша облыстың ағылшын тілі мұғалімдеріне тәжірибиесімен бөлісті.

Шеберлік сыныпқа ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары, «Шет тілі: 2 Шет тілі» факультетінің студенттері қатысты.

Елена Моесеева ағылшын тілін үйренудің пайдалы ресурстарымен және ақпаратпен жұмыс істеудің маңызды аспектілерімен егжей-тегжейлі таныстырды, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде жалған ақпаратты анықтау жолдары қаралды.

Шебер-сынып қатысушылары спикерге алғыс айтып, ағылшын тілін үйрену және медиасауаттылық дағдыларын дамыту ресурстарының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар медиасауаттылық бойынша алдағы курстар туралы білді.