Педагогтерге әдістемелік қолдау

2021 жылғы 1 маусымда курстан кейінгі кезеңде тірек білім беру ұйымдарымен әріптестік қатынастарды жетілдіру және ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты педагогикалық инновация және педагогикалық инновация кафедрасының курстан кейінгі қолдау зертханасы меңгерушісі Л.В.Егорина Өскемен қаласының «Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімдеріне кеңес өткізді.

Кездесу барысында ол әдістемелік басылымдарды әзірлеу бойынша талаптарға, ISBN нөмірлерін алу тәртібіне назар аударып, оқу құралын дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ынталандыра отырып, бірлескен қызмет әдістемелік басылымдарды жетілдіруге және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.