Ақпаратты – әдістемелік сағат

Қазіргі қоғамды трансформациялау жағдайында медиа сауаттылықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін институттың кітапхана ісінің бас маманы А.З. Конакбаева филиал қызметкерлері үшін ақпаратты-әдістемелік сағат өткізді, онда спикер бірнеше тақырыпты қарастырды: “Медиасауаттылық”, “Интернеттегі қауіпсіздік”, “Цифрлық гигиена”. Филиалдың IT – мамандары Н.С. Слямханов мен М.С. Мұқашев “Интернеттегі цифрлық қауіпсіздік: жеке ақпаратты қалай қорғауға болады” және “Әр күн үшін Фактчекинг: ақпаратты қалай тексеруге болады” атты баяндамалары қызықты болды.

“Мен-Медиа!» бұл кітап Жасөспірімдер үйінде тұратын жетім балаларды интернаттан кейінгі сүйемелдеу үшін медиа және цифрлық сауаттылық бойынша қосымша бағдарламасы шеңберінде дайындалған. Басылымның авторлары Татьяна Голубцова мен Вера Кисленкова. Кітаптың электронды нұсқасын ШҚО бойынша Өрлеу біліктілікті арттыру курстарының барлық тыңдаушылары сілтеме арқылы ала алады.

“Мен – МЕДИА” кітабын келесі сілтеме бойынша https://drive.google.com/drive/folders/1PaUAMh-Yec_zBABibbxJQVUGaMho0osM оқи аласыз және оқушыларға арналған медиасауаттылық бойынша бейнесабақтар сериясын табасыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

18 − fourteen =