Бөлімдер

Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімі

“Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім міндеттері

  1. Білім беру қызметіне мониторинг жүргізу негізінде өңірдің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру.
  2. Мониторинг негізінде оқу процесін және оның нәтижелерін жүзеге асыруды бақылау және мониторинг процесінде белгіленген сәйкессіздіктерді жою.
  3. Кітапхана қорына кең қол жеткізу негізінде кітапхана оқырмандарына кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы оқу-тәрбие процесін және өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету.
  4. Курстық және курсаралық кезеңде филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне баспалық сүйемелдеу көрсету.
  5. Нормативтік талаптарға сәйкес филиал желісін жүйелік әкімшілендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру.

Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма

“Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады”.

Басқарма кадрлық құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, филиал қызметін заңды сүйемелдеуді, Құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды, орындаушылық және еңбек тәртібін бақылауды, филиал қызметін Әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Міндеттері мен қызметтері

Басқарма қызметі келесі міндеттер мен қызметтерді орындауға бағытталған:

  • кадрлық жұмысты және іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
  • әкімшілік-құқықтық жұмысты және іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
  • іс жүргізуді ұйымдастыру және филиал қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және атқару тәртібі;
  • әкімшілік-шаруашылық қызметті және іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.