Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы»

«Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы»

«Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбындағы Республикалық on-linе семинарын өткізуге дайындық барысында 2019 жылдың 13 наурызында Семей қаласы №3 орта мектеп базасында жас педагогтер үшін әдістемелік десант өткізілді.

Семинардың мақсаты: жас педагогті кәсіби қолдау және педагогикалық шеберлігін жетілдіруде практикалық бағытталған әдістемелік көмек көрсету. Семинар жұмысына Семей қаласының білім беру басқармасының меңгерушісі Фесенко Н.А, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ахметова Г.М. және қала мектептерінен 26 жас педагог қатысты.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын оқу процесінде оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістері арқылы жүзеге асыруда жас мамандарды педагогикалық әрекетке бейімдеу және АТ негізінде кешенді әдістемелік көмек көрсету мақсатында филиал оқытушылары Нуркенова С.Е., Курманова Ж.С., Гиганова М.А. «Команда түзу (team-building) - оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық цифрлы білім ресурстарын дайындау сайысына қатысу үшін бейне роликтер, бейне-дәрістерді жасауға кеңестер берілді.

Жас педагогтер әдістемелік десант жұмысына белсене ат салысты, флешмоб өткізіп, десант жұмысына жоғары баға берді. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, оқу процесін жетілдіруде ұсыныстар берілді.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Апта күнделігі «Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы»
Яндекс.Метрика