Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Жаңа тәсілдер әрекет үстінде

2018 жылдың 4 қазанында Саблукова Т.А., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу» кафедрасының аға оқытушысы, курсаралық қолдау аясында Өскемен қаласы әкімдігінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ базасында өткен математика сабағына және «әрекеттегі жаңа әдістер» мәселесін талқылауға қатысты. «Пирамида и ее элементы» тақырыбындағы сабақты мектеп мұғалімі Чуембаева Эльмира Шакаримовна өткізді.

Мақсаты – оқыту мен білім беруде жаңа тәсілдерді тиімді қолдану. Оқушылар, әсіресе, өзіндік рефлексия мен зерттеу дағдылары бойынша қызығушылық танытты. Өзіндік рефлексия дағдыларын дамыту білім берудің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, өзіндік рефлексия оқушы алған білімдерін және олардың ерекшеліктеріне ой жүгірткенде өз сана сезімінде қандай өзгерістер болғанын білуге, тусінуге жетелейді. Мұғалімнің «Сөйлемді жалғастыр», «Сұрақ-жауап» стратегияларын тиімді қолдануы әр оқушыға сол мезгілде өз дамуының қандай деңгейде екенін және қай деңгейде болғысы келетіндігін, оған қол жеткізу үшін қандай әрекет істеу керектігін айқындауға мүмкіндік берді.

Оқушылардың зерттеу дағдылары «Зерттеулік пікір алмасу», «Миға шабуыл», «Представитель» стратегиялары аясында топтық жұмыс орындағанда жақсы дамыды. Оқушылар өзін-өзі реттей алатын тұлғалар ретінде көрсете алды.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Апта күнделігі Жаңа тәсілдер әрекет үстінде
Яндекс.Метрика