2018 жылдың 14 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасы Шығыс Қазақстан  облыстық  білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе отырып орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында Өскемен қаласының  №11 мектеп-лицейі базасында «Критериалды бағалау жүйесі – білім сапасына жетудің бір факторы» тақырыбында облыстық workshop өткізді.

Іс-шараға қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттер әдіскерлері, қала мен облыс мектептерінің оқу ісі меңгерушілері қатысты.

Шара білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінде жаңа бағыт ретінде критериалдық бағалау технологиясын енгізу және қолдануды зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жалпы білім беретін мектепте қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қолданудың өзекті мәселелері талқыланды. Оқу үдерісінде  кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту үдерісі бойынша  ұсыныстар берілді. Шара барысында педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Критериалды бағалау – оқу процесінің өзекті факторы
Яндекс.Метрика