Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Мұғалімдік ықылас рухани қабілет

2018 жылдың 4 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО БАИ-да Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО БАИ директоры, п.ғ.к. Байхонова Сауле Зайтановна әріптестерін мейрамымен құттықтай отырып, филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамы мен тренерлердің мұғалімдің қызметпен тікелей байланысты еңбектерін атап өтті.

Кәсіподақ комитетінің басшысы А.З.Конакбаеваның жетекшілігімен қызметкерлердің шығармашыл тобы мерекелік концерт көрсетті. Салтанатты шараның аяғында қызметкерлер грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. «Қазақстанның Білім және Ғылым әлемі» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы белсенді жарияланымдық іс-әрекеттері үшін Ю.Е.Кукина мен Ж.С.Құрманованы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.    

Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке, қажымас шығармашылық табысты ізденіс және ұстаздардың ұстазы атты ерекше қызметте нәтижелі еңбек тілейміз!

Вы здесь: Home Жаңалықтар Мұғалімдік ықылас рухани қабілет
Яндекс.Метрика