Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Курс тыңдаушылары Президенттің Жолдауын шабыттана қабыл алды

2018 жылдың 8 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО БАИ-дың тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының оқытушысы Сейтказина Рысгул  Сейтбековна «Content  and  Language  Integrated Learning» пән және тілдерді кіріктіру әдістемесін меңгеру бойынша қазақ тілі пәні мұғалімінің  кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс тыңдаушыларымен нұсқаулық-әдістемелік жиналыс өткізді.

 

Жиналыс барысында оқытушы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Педагогтер Елбасының келесі жылы «Педагогтердің мәртебесі туралы» Заңын әзірлеу және қабылдау, білім сапасын арттыру бойынша қойған міндеттері туралы ақпаратты шабыттана қабыл алды.

Осыған байланысты кафедра оқытушысы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазіргі білім технологиялары мен әдістерін пайдаланудың тиімді тәжірибелерінің бірі – «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқауын өткізуі екенін атап өтіп, аталған республикалық байқаудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, шығармашыл жұмыс істейтін педагогтердің осы деңгейлі байқауға қатысу маңыздылығын ашып көрсетті.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Курстар Курс тыңдаушылары Президенттің Жолдауын шабыттана қабыл алды
Яндекс.Метрика