Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыруымыздың жаңа кезеңі

2018 жылғы 2 шілдесінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – жаңғыруымыздың жаңа кезеңі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияны Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлестікте өткізді.

Шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Конференцияға аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық кітапхана директорлары, мектеп директорлары, тіл мұғалімдері, ауылдық кітапхана меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысып, 300-ге жуық адам жиналды.

Латын әліпбиінің жалпыхалықтық және халықаралық маңызын ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдан Момынова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице президенті, философия ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Сейлхан, Қазақстан-Американдық еркін университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әсем Нұрланова баяндады.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Конференциялар Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыруымыздың жаңа кезеңі
Яндекс.Метрика