Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Түзету мектептері білім мазмұнын жаңарту контекстінде

2018 жылдың 24 қыркүйегінде «Өрлеу» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Семей қаласының ШҚО ББ «ШҚО жетім және ата-аналар қамқорынсыз қалған мектеп-интернаты» базасында түзету білім беру ұйымдары қызметкерлеріне арналған «Проектирование образовательного процесса коррекционной школы в контексте обновления содержания образования» атты қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстарын бастады.

Мақсаты – Қазақстан Республикасы білім мазмұнын жаңарту аясында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда мазмұнды-ұйымдастыру тәсілдері бойынша арнайы (түзету) білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту.

Курс аясында Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының аға оқытушылары, білім мазмұнын жаңарту бағдарламаларының тренерлері Саблукова Т.А және Ибраимова Ш.С. Семей қаласының түзету білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысуы бойынша нұсқау-әдістемелік кеңес жүргізді.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Байқаулар Түзету мектептері білім мазмұнын жаңарту контекстінде
Яндекс.Метрика