Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбие берудің заманауи технологиялары

2018 жылдың 10 қыркүйегінен 03 қазанына дейін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ жоспарына сәйкес  мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында аралас оқу режиміндегі біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курстың аяқталуы кезінде курс тыңдаушылары жоба жұмыстарын қорғаумен бірге жыл сайын өткізілетін «Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар бағыты бойынша қатысу үшін жіберілген әдіскерлер мен тәрбиешілердін дәріс, сабақ, ашық сабақ, практикалық, лабораториялық жұмыс, семинар материалдарымен танысып, өз пікірлерін білдірді, тәжірибе алмасты.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Байқаулар Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбие берудің заманауи технологиялары
Яндекс.Метрика