Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру

2018 жылдың 12 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Оразбаева А.К. бөлім және тоқсанға қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тиімді стратегияларын енгізу бойынша, кері байланыс және рефлексия ұйымдастыру бойынша оқыту семинарын өткізді. Шара  «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында ұйымдастырылды.Глубокое ауданының физика пәні  20 мұғалімі  қатысты.   

Оқыту семинары білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физиканы оқытуда білім беру процесіне белсенді оқыту стратегиялары мен критериалды бағалау ерекшеліктерін енгізу негізінде пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Тренер қатысушылармен критериалды бағалаудың негізгі мәселелерін талқылады, оларды шешудегі әдістемелік көмек ұсынды.

Глубокое ауданның 20 пән–мұғалімі семинар барысында белсенді қатысып, Е.Ф.Гладкова (Ушанов орта мектебі КММ, физика пәнінің мұғалімі), А.А.Калижарова (Каменка орта мектебі КММ, физика пәнінің мұғалімі) белсенді стратегиялар және критериалды бағалау бойынша шеберлік-сыныптар өткізді, оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар іс-шараның өзектілігін, оқу процесіне критериалды бағалауды енгізудегі әдістемелік көмектің маңыздылығын және жоғары деңгейде өткізілгенін атады. Оқыту семинары соңында қатысушылар куәліктер және белсенді қатысқан мұғалімдерге алғыс хаттар тапсырылды.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Семинарлар Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру
Яндекс.Метрика