2018 жылдың 08-10 ақпан аралықтарында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, деңгейлік бағдарламалар және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тренері Омарбекова Майра Кокеновна М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімдері үшін «Тиімді қысқа мерзімді жоспарлау негізінде сабақты жобалау» атты, Абай және Жамбылатындағы орта мектептері мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары»атты тақырыптарында оқыту семинарларын өткізді.  Барлық қатысқан педагогтердің саны – 101 адам.

Семинарлардың мақсаты:

Сертификатталған мұғалімдер үшін: Жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы идеяларын тәжірибеге еңгізудің курстан кейінгі рефлексиясы. Бағдарлама идеялары негізінде сыныпта тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарын айқындау, оқушыларға қолдау көрсету әдістерін зерделеу. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мұғалімнің ролін талқылау.

Курстан өтпегендер үшін: ҚР орта білім мазмұнын жаңартудың мақсат, міндеттері, негізгі идеяларымен танысу. Бағдарлама идеялары негізінде сыныпта тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарын айқындау, оқушыларға қолдау көрсету әдістерін зерделеу.

Қатысушылар ҚР орта білім мазмұнын жаңартудың мақсат, міндеттері, негізгі идеяларымен танысып, тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарын айқындап, оқушыларға қолдау көрсету әдістерін зерделеді. Білім беру мазмұнын жаңартудың идеялары негізінде сабақты жоспарлаудың ерекшеліктерімен танысып,  сабақты жоспарлау арқылы оқушылардың табысқа жету мүмкіндігін арттыру жолдарын айқындады. Мұғалімдер оқу мақсаты, жаттығу мен табыс критерийлері арасындағы байланысты бағамдап,үздік сабақтың белгілерін анықтады. Қысқа мерзімді жоспарлар құрып жаттығу арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

Соңында тәжірибе алаңы жұмыс істеді. Онда Әуезов және Абай атындағы орта мектептерінің 12 мұғалімі тәжірибелерін ортаға салды. Семинарға қатысушылар қысқа мерзімді жоспарлаудағы және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеретін тапсырмаларды таңдаудағы қиындықтар бойынша алаңдатқан сұрақтарын талқылап,  жауабын анықтауға мүмкіндік алды. Білім мазмұнын жаңартудың  идеялары негізінде сабақты жоспарлау арқылы сыныпта тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігі жоғары болатыныны туралы қорытынды жасады.

 

Вы здесь: Home Жаңалықтар Семинарлар Ауыл мұғалімдері оқыту семинарларында оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылады
Яндекс.Метрика