2018 жылдың 22 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Н.А. Жанузакова  Жарма ауданы, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ базасында  «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: теориядан тәжірибеге» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинарға қазақ тілінде білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдері қатысты. Шара білім беру мазмұнын жаңарту аясында курста оқыған мұғалімдердің өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Бағдарламаны іске асырылуда кездесетін мәселелер, оларды жоюдың жолдары қарастырылды. Шара барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдер саралау  жаңартылған білім беру бағдарламасындағы жоспарлау, критериалды бағалау, саралауды   әр түрлі пәндерде белсенді жаттығуларды қолдану жолдарын үйренді. Педагогтер пәндер бойынша тәжірибелік жаттығулар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Семинарлар Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: теориядан тәжірибеге
Яндекс.Метрика