Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» облыстық семинар-тренингі

Қазақ тілінің латын графикасына көшудің маңыздылығы мен қажеттілігін насихаттау мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығымен бірлесе отырып, 26-28 маусым күндері Өскемен мен  Семей қалаларында колледж оқытушыларына «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты семинар-тренингін ұйымдастырып өткізді.

Семинарда ғалымдар латын әліпбиіне көшудің тарихи-рухани қажеттілігі, маңыздылығы туралы облыс педагогтеріне ақпарат беріп, өз ойларын ортаға салады.

Тәжірибелік бөлімде қатысушылармен тренингтер өткізілді. Семинардың мазмұны туралы филология ғылымдарының кандидаты А.Сейлхан: «Біздің заманауи өмірімізде латын жаңа технологиялар мен прогрестің бастауы деп есептеледі. Латын әліпбиінде компьютерлік бағдарламалар мен электрондық пошта, атаулардың есімдері кеңінен қолданылады.  Бүкіл әлем қолданып жатқан осы әліпбидің негізінде қазақ тілінің мәртебесі артады, біздің ұрпақ ағылшын тілін жылдам меңгереді. Бұл біздің халық үшін ерекше қадам. Заман көшінен қалмай, ұлттық келбетімізді әлемдік кеңістікке танытуда аталған графика ұрпақ үшін де маңызды. Бұл графика  қазақ халқының түркі халықтарымен рухани жақындығын дамытады», - деп көрсетті.

Вы здесь: Home Жаңалықтар Семинарлар «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» облыстық семинар-тренингі
Яндекс.Метрика