Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Апта күнделігі

Басшының үлгіге сай қызметі

2019 жылдың 1 шілдеде "О.Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ-де осы мектепті 20 жылдан астам басқарған Түменбаев Таңатқан Қалибекұлын салтанатты демалысқа шығару рәсімі өтті. Салтанатты жиында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры С.Байхонова құттықтау сөз сөйлеп, Таңатқан Қалибекұлы басшылық еткен лицей облыс педагогтерінің біліктілігін арттыруда шебер-сынып, ашық сабақ, тренинг, коучинг, семинарлар өткізудегі тірек мектептерінің бірі болғанын айтты.

Толығырақ...

Ғылыми кеңес отырысы – қызметтің негізгі бағыттарын үйлестіру!

2019 жылдың 30 мамырында ШҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Ғылыми кеңесі өтті. Филиалдың ақпараттық-имидждік қызметі және оны дамыту перспективалары туралы мәселені қараудың өзектілігі бәсекелестік ортада өз ұстанымдарын нығайту үшін тиімді ақпараттық-имидждік саясатты жүргізу қажеттілігіне негізделген.

Толығырақ...

"Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы" атты Республикалық on-linе семинары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес 2019 жылдың 29 мамырында «Жастар Жылы» аясында «Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық on-linе семинары өткізілді. Семинар мақсаты: жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсету және тәжірибеге бағдарлау, педагогикалық шеберлігін жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Толығырақ...

Әрбір сабақ - бұл күрделі ұйымдастырылған педагогикалық жүйе

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Ж.Е.Хамзин әдістемелік көмек көрсету мақсатында Семей қаласының №2 орта мектебінің  мұғалімдері Суразакова И.В және  Г.Г.Камалутдиноваға жаңартылған білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген сабақ жоспарларының сараптамасы бойынша кеңестер берді.

Толығырақ...

Жаңа әліпби - жаңарған сананың жаршысы

2019 жылдың 23-24 мамырда Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандары ұйымдастырған «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында республикалық шара өтті. Шараға "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Зайсанбаева Г.Н. қатысты.

Толығырақ...

Вы здесь: Home Апта күнделігі Жаңалықтар Апта күнделігі
Яндекс.Метрика