Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Үздік ұстаз жайлы естеліктер…

Үздік ұстаз жайлы естеліктер…

2019 жылдың 14 наурызында «Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Карибаева А.М. бірегей адам, ұлы педагог, полиглот Румянцев Борис Сергеевичтің 110 жасқа толуына арналған Т.С.Тихованың «По волнам нашей памяти» кітабының презентациясына қатысты. Кемеңгер педагогті еске алу үшін әріптестері, оқушылары, шақырылған қонақтар мен студенттер келді.

Шығыс Қазақстан Өнер мұражайының іргесін қалаушы және алғашқы директоры Агейкина М.В., Д.Серікпаев атындағы ШҚМТУ «Архитектура және дизайн» кафедрасының профессоры, өнертану докторы, Қазақстанның құрметті архитекторы Наумова В.И., педагогтің әріптесі және досы Н.Я.Смурыгина сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Олардың әрбірі Борис Сергеевичтің өмірінің қызықты деректерін, әсіресе кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ашып көрсететін оқиғаларды есіне алды. Румянцев Борис Сергеевич ұзақ жылдар бойы біліктілікті арттыру институтының оқытушысы болып қызмет атқарған болатын. Кітаптың авторы Тихова Тамара Станиславовнаның айтуы бойынша, Борис Сергеевич ағылшын тілі бойынша беретін сабағын оқушылардың бәрі жақсы көріп, тіпті қосымша сабақтарға да қатысатын еді. Презентация соңында қатысушылар мұғаліміне деген адалдығы үшін кітап авторы Т.С.Тиховаға үлкен алғыстарын білдірді.

Бәріміздің жадымызда өшпес із қалдырған, тұлғалық қалыптасуымызға себепкер болған сүйікті ұстазымыз бар. Сондай адамдардың бірі - ұлы ұстаз, кемеңгер педагог Румянцев Борис Сергеевич.

Вы здесь: Home Апта күнделігі Жаңалықтар Апта күнделігі Үздік ұстаз жайлы естеліктер…
Яндекс.Метрика