Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Білім басқармасы алқасының күн тәртібінде педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесі

Білім басқармасы алқасының күн тәртібінде педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.к. Байхонова С.З 2019 жылдың 20 наурызында өткен білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында оқыған баяндамасында білім берудің ойлау мен талдауға, өзінің тәжірибесіне сынау тұрғыда қарай алатын мұғалімге бағдарлануы; біліктілікті арттыру жүйесінің барлық компоненттерін жаңаруын іске асыру; білім берудің басымды бағыттары бойынша курс бағдарламаларын жүйелі түрде жаңарту; біліктілікті арттыру жүйесін цифровизациялау аясында филиалдың іс-әрекеті; білім басқармасымен, білім беру ұйымдарымен әріптестік т.б. мәселелерді атап өтті.

Сауле Зайтановна 2019 жылдың басты міндеттеріне: мектепке дейінгі білім беру педагогтері, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер, өлкетану педагогтері үшін курс өткізу мәселесіне де назар аударды: Сондай-ақ баяндамада филиал директоры мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мәселесіне тоқталып өтіп, Жастар жылы аясында тәлімгерлік жүйесі арқылы жас педагогтерді қолдау бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін айтты.

Баяндама соңын Байхонова С.З: «Үздіксіз біліктілікті арттыру – бұл бар білімді үнемі жаңартып отыру, жаңа әдістемелер мен технологияларды зерделеу және пайдалану. Көптеген міндеттер орындалды, алайда алдыда тұрған міндеттер одан да көп. Өз кәсібилікті арттыра отырып, оқу – өмір бойы жалғасатын үрдіс екендігін есте сақтаңыздар» деп аяқтады.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Алқа қаулысы қабылданды.

Вы здесь: Home Апта күнделігі Жаңалықтар Апта күнделігі Білім басқармасы алқасының күн тәртібінде педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесі
Яндекс.Метрика