Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Факультативті курс үшін білім бағдарламалары мен жұмыс дәптерлерін әзірлеу бойынша отырыс

Факультативті курс үшін білім бағдарламалары мен жұмыс дәптерлерін әзірлеу бойынша отырыс

2019 жылдың 10 сәуірінде «Үлкен Алтай» мұражайы базасында Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ қызметкерлері мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, білім беру бөлімінің әдіскері Л.М.Мадиярова және 20 тарих пәні мұғалімдері қатысқан металлургия, геология,және өлкеміздің тау-кен және геология бойынша ресурстарын тереңдете оқыту бойынша факультативтік курстардың бағдарламалары және жұмыс дәптерін дайындау бойынша жұмыс отырысы өтті.

 

Жұмыс барысында «Үлкен Алтай» мұражайының басшысы Смагулова А.М «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы С.Е.Нуркенованың дайын оқу әдістемелік материалдары және жұмыс дәптерімен таныстырды және оқу бағдарламалары мен жұмыс дәптеріне қойылатын талаптарды ұсынды. Өскемен қалалық оқу бөлімінің әдіскері Мадиярова Л.М.,болашақта ресурстар дайындауда шығармашылық топ құруға ұсыныс жасады.

Вы здесь: Home Апта күнделігі Жаңалықтар Апта күнделігі Факультативті курс үшін білім бағдарламалары мен жұмыс дәптерлерін әзірлеу бойынша отырыс
Яндекс.Метрика